Мазасыздық немесе шаршау

Мазасыздық пен шаршау — магний жетіспеуінің ең басты екі неврологиялық симптомдары. Бұл минерал мидағы жүйке жүйелерінің арасындағы қажетті байланысты орнату үшін керек. Сонымен қатар, магний ағзадағы жүйке жүйесінің дұрыс жұмысына жауап беретін маңызды фактор болып табылатын элетролиттер деңгейінің тепе-теңдігін ұстап тұру үшін қажет.

Күйзеліcке ұшырайды

Бірінші симптомды ескерсек, магнийдің жетіспеушілігі күйзеліске де әкеп соқтыратынын болжау қиын емес. Күйзеліс – әртүрлі себептердің салдарынан туындауы мүмкін күрделі ауру. Сол себептердің бірі ағзадағы құнарлы заттардың жетіспеуі мен дұрыс тамақтанбау болуы әбден мүмкін.

Бұлшықеттің ауыруы

Неврологиялық симптомдармен қатар, жүйке-бұлшықет симптомдары да пайда болуы мүмкін. Магнийдің жетіспеушілігі бұлшықеттің ауыруына, тырысуына, сонымен қатар фибромиалгия сияқты басқа да проблемаларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Магнийдің негізгі функцияларының бірі бұлшықетті босаңсыту болып табылады. Бұлшықеттің жиырылуына ықпалдасатын кальциймен бірігіп, бұлшықеттің дұрыс қызмет етуіндегі басты элементтің бірі болып саналады.

Жүректің айнуы және құсу

Магнийдің жетіспеушілігі ас қорыту жолдары мен асқазан-ішектің жұмысын нашарлатады. Сол себепті ішектің дұрыс жұмыс істемеуінен бастап жүректің қатты айнуы мен құсуына дейінгі құбылыстар орын алуы мүмкін.

Қан қысымының жоғарылауы

Көптеген зерттеулер жоғары қан қысымын магний мөлшерінің төмендігімен байланыстырады. Гипертониктерде құнарлы заттардың жетіспеушілігі жиі кездеседі. Әрине, қан қысымына басқа да көптеген физиологиялық функциялар әсер етуі мүмкін, сол себепті нақты диагнозды анықтау үшін, дәрігерге барған жөн.

Ұйқысыздық

Магний жетіспеген кезде созылмалы ұйқысыздыққа шалдығуға болады. Бұл ғана емес, ұйқының бұзылуының басқа да түрлері кездесуі әбден мүмкін. Магний негізінен біздің ұйықтау мен ояу жүру айналымдарын реттейді.

Күш-қуаттың жетіспеуі

Магнийдің жетіспеушілігі денені мәжбүрлеп қозғалысқа келтіреді. Осы жағдай физикалық және психологиялық күйзеліске әкеп соқтыруы мүмкін. АҚШ-тың Ауыл шаруашылық департаментінде жүргізілген бір зерттеуде магний мөлшері төмен қатысушылар магний мөлшері қалыпты деңгейдегілерге қарағанда оттегіні көбірек пайдаланған. Оттегіні қолдану деңгейі адам денсаулығының тиімді көрсеткіші болып табылады. Сондай-ақ магнийдің мөлшері адамның төзімділігіне де өз әсерін тигізбек. Себебі магний мөлшері жүрек пен бұлшықеттің жай-күйіне тікелей ықпал етеді.

Қазіргі таңда магнийдің тәуліктік мөлшерін алуға болатын көптеген тәсілдер бар. Солардың ішінде ең тиімдісі, әрине, дұрыс тамақтану болып табылады. Жеміс-жидектер, бұршаққындылар, жаңғақтар, дәнді-дақылдар, банандар, кептірілген жемістер, авокадо, йогурт, қара шоколад, т.с.с. Магний мөлшері көп азық-түлікті пайдалана отырып, ағзамыз үшін аса маңызды осы бір минерал түрінің орнын толтыра алатынымыз сөзсіз. 

Ұқсас жазбалар

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!