Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы құлап, бір адам қаза болды

Фото: Depositphotos.com
Павлодар облысында Ан-2 әуе кемесінің апатқа ұшырады. Оқиға 2026 жылғы 27 мамыр күні Железин ауылы маңында болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Көлік министрлігінің мәліметінше, апатқа ұшыраған Ан-2 «Жеңіл және аса жеңіл авиация пайдаланушылары» (ЭЛИСА) заңды тұлғалар бірлестігіне тиесілі болған. Ұшақ авиациялық-химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, әуе кемесі электр тарату желілеріне тиіп кеткен. Ұшақ бортында екі адам болған. Оқиға салдарынан бір адам қаза болып, екінші ұшқыш аман қалған. Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері зардап шеккен екінші ұшқышты оқиға орнынан шығарып алған, — делінген хабарламада.

Көлік министрлігінің мәліметінше, авиациялық оқиғаны көліктегі оқиғалар мен апаттарды зерттеу жөніндегі департамент тексереді. Қазіргі уақытта оқиға орнына арнайы мамандар жіберіліп, апаттың нақты себептері анықталып жатыр.

Еске салайық, Алматы облысында Ан-2 ұшағы тауға апатты жағдайда қонған болатын.