Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

22 маусым: Бірқатар аймақта жаңбыр жауады

©Еgemen.kz

Желдің күшеюі күтіледі, республиканың солтүстігінде және орталығының кей жерлерінде дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін соғып, күндіз кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс Қазақстан, Ақтобе, Павлодар, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *