Мұхтар Тайжан еліміздегі діни радикализмге жол ашқан 5 себепті атады

Діни радикализмнің себептері:

  1. Білім жүйесіндегі 25 жыл бойғы үдемелі реформалар.
  2. Пара беру экономикасы, сыбайлас жемқорлық, яғни, ағасы мен көкесі болмаса, жас адам өмірін жақсарта алмайды.
  3. Әділеттілік түсінігінен мемлекеттің жоғары тұруы. Әділеттік жоқ. Барлық жерде алдап-арбау, ұрлап, қармау, жас адамды еш жерде, ешкім тыңдағысы келмейді. Оның баспана мәселесі шешілмейді, оған ешкім жұмыс бермейді.
  4. Билік өз халқының мәселесін, бәрінен бұрын, кедейшілікті көрмейді. Оның орнына билік жалған форумдар және Астана күні сынды қымбат маскарадтарда «шомылып» жүреді. Бұл — талғамы жоқ бояу, бутафория. Ал халық нақтысында қатты қиналып жүр.
  5. Мемлекетте ұлттық идеология мүлдем жоқ. Біздің тіпті, өзіндік ақпараттық кеңістігіміз де жоқ. Ал ресейлік насихат — атыс-шабыс, өлтіру, балағаттау, автоматтар, тапанша… Міне, осы виртуалды шындық нақты өмірімізде көрініс тауып, ақиқатқа айналды.

Егер ешнәрсені өзгертпесек, онда бәрі енді басталады. Өйткені, олар подъезд жанында қарауылдай салатын оппозиционерлер емес немесе бейбіт тұрғындарды автобусқа бөгіп, тығындап әкете салатын жағдай емес. Шұғыл түрде экономикалық және ішкі саясатты өзгерту керек, жаңа адамдарды жұмысқа алыңыздар, халықпен байланысқа шығу үшін «шлюзды» ашыңыздар. Оларды тыңдап, нақты қорытынды жасаңыздар!», — деп жазады қоғам белсендісі.