Астанада бірнеше автобустың бағыты өзгерді

«2018 жылғы 21 маусымнан (04:00) 22 маусымға (04:00) дейін Керей-Жәнібек хандар көшесінің Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, автобустар қозалысы шектеледі», — делінген хабарламада.

№40 автобус «Емханалық оңалту кешенінен» Ұлы Дала-Қабанбай батыр қиылысына дейін өзгеріссіз, осы жерден солға — Ұлы Дала көшесіне, оңға — Тұран даңғылына бұрылып, ары қарай бұрынғы бағдар бойынша жүреді. Кері бағдары да дәл солай.

№50 автобус «Бал бала» аялдамасынан Сығанақ көшесі-Тұран даңғылы қиылысына дейін өзгеріссіз, осы жерден солға — Сығанақ көшесіне, оңға — Қабанбай батыр даңғылына бұрылып, медицина мекемелері ауданына кіреді. Қайтарда осы бағытпен, бірақ медицина мекемелері ауданына кірмей өтеді.

№51 автобус «Ақмола облысының №2 ауруханасы» аялдамасынан Сығанақ көшесі-Қабанбай батыр даңғылына дейін өзгеріссіз, ары қарай медицина мекемелері ауданына кіріп, Қабанбай батыр даңғылымен жүреді. Қайтарда осы бағытпен, бірақ медицина мекемелері ауданына кірмей өтеді.

№53 бағдар «Шарын базары» аялдамасынан Сығанақ көшесі-Тұран даңғылы қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай медицина мекемелері ауданына кіріп, Қабанбай батыр даңғылымен жүреді. Қайтарда осы бағытпен, бірақ медицина мекемелері ауданына кірмей өтеді.

№61 автобус «№81 мектеп-лицей» аялдамасынан Е-10 көшесі мен Тұран даңғылының қиылысына дейін бұрынғы бағдар бойынша, ары қарай Сығанақ көшесімен жүріп, оңға — Қабанбай батыр көшесіне бұрылады, медицина мекемелері ауданына кіріп өтеді. Қайтарда осы бағытпен, бірақ медицина мекемелері ауданына кірмей өтеді.

ДереккөзInform.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да