Басты бетЖаңалықтарҒабидолла Әбдірахымов...

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындалды

«Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын», — делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетейік, Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда ОҚО Киров ауылында туған. Екі жоғары білімі бар: экономист және мемлекеттік басқару маманы. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі.

1996-1997 жылдары — Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті;

1999-2001 жылдары — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің нормативтік-құықтық жұмыстар департаментінің бас маманы, мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бөлім бастығы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі;

2001-2003 жылдары — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары;

2003-2005 жылдары — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы;

2005-2008 жылдары — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;

2008-2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы;

2012-2015 жылдары — Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;

2015-2017 жылдары — Шымкент қаласының әкімі; 2017 жылғы 31 қазаннан бастап осы тағайындауға дейін «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметін атқарды.

Еске салайық, Нұрлан Сауранбаев қала әкімі қызметіне 2017 жылдың 7 қарашасында тағайндалған болатын. 7 айдан аса уақытта ол бірнеше әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып үлгерді. Олар: «Мектепке қауіпсіз жол», «Қошқарата өзенін абаттандыру» жобасы және тағы басқалары.

Кеше, 19 маусымда Мемлекет басшысы Шымкентке республикалық қала мәртебесі берілген болатын.

ДереккөзTengrinews.kz