Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ақтөбеліктерді сақ болуға шақырды

Өңір басшысы халықты сақ болып, күдік туғызатын азаматтарды көргенде Ішкі істер органдарына хабарлауға шақырды.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі: — Ақтөбеліктердің сақтық танытуларын сұраймыз. Күмәнді тұлғаларды байқасаңыз, 102 нөмір арқылы Ішкі істер органдарына шұғыл түрде хабарлау қажет. Құрметті жерлестер, сіздерден сабырлық танытуды сұраймыз. Жоспарлы антитеррорлық операциялар жүргізілуде. Жағдайдың бақылауда екендігін сендіреміз. Қазіргі кезде ахуал тұрақты.

Еске салайық, бүгін Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің «Паллада» қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар тағы бір қару-жарақ дүкеніне және Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасалғаны белгілі болды. Арнайы операция кезінде «Паллада» дүкенінің сатушысы қаза тапты және бір адам жарақат алған. Ал әскери бөлімде шабуылға тойтарыс беру кезінде бір офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметші қайтыс болды. Тоғыз әскери жарақат алды.

Дереккөз24.kz