Павлодар облысында 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді. Кей жерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде желдің екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерінде дауыл соғып, бұршақ жауады.
Солтүстік Қазақстан облысында дауыл соғып, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерінде тұман түседі.
Қостанай облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Алматы, Ақмола облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл облысында күндіз дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с артуы ықтимал.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде күндіз жел шаңды дауылмен көтеріліп, 15-20 м/с екпінмен соғады.
Қарағанды облысының кей жерінде түнде жел 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Ақтобе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.