Қазақстан қалаларында қолайсыз метеожағдайлар күтілмейді

Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорган, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында ауаны ластайтын қолайсыз метеожағдайлар күтілмейді.

Ал Астана, Атырау, Қарағандыда атмосферада ластаушы заттар жиналуы мүмкін. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.