Кинотеатр: 14 маусымда төрт жаңа фильм шығады

Суперсемейка 2 (6+)

Жанры: мультфильм, отбасылық фильм

Режиссері: Брэд Бёрд

Шығарған ел: АҚШ

Бірінші бөліміндегі оқиғалардан соң қаһармандардың отбасына ел-жұрттың назары ауады. Әсіресе, журналистер оларға жол бермейтін күйге жеткен. Олардың айтуынша, Миссис Ерекше теледидардан күйеуіне қарағанда әдемірек көрінеді. Сондықтан оны шақыратындар көп. Мистер Ерекше болса, жұбайы жоқ кезде балаларына қарап, үйден шыға алмайтын болған. Күндердің күнінде күтпеген жерден жау пайда болады. Ол суперқаһармандар отбасының бейқам тіршілігіне ғана емес, қалаға да қауіп төндіреді.

Аферисты поневоле (16+)

Жанры: комедия, экшн

Режиссері: Джеймс Окли

Шығарған елдер: АҚШ, Ұлыбритания

Ерлі-зайыптылар қауіпті мафияға өте көп мөлшерде қарыз болып қалады. Лос-Анджелеске барып, ұрлықпен айналысып, қарыздан құтылмақ. Солайша, өмірлерінің жаңа парағын ашып, бақытты өмір кешуді көздейді. Бірақ жоспарлары аяқасты өзегереді…

Эскобар (18+)

Жанры: драма, биография, атыс-шабыс

Режиссері: Фернандо Леон Де Араноа

Шығарған елдер: Испания, Болгария, АҚШ

Пабло Эскобардың миллиардер болғанға дейінгі өмір жолы, қылмыстары баяндалады. Фильм сценарийі оның ғашығы болған журналист қыздың жазбаларына негізделіп жазылған.

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Режиссері: Антон Зенкович

Шығарған ел: Ресей

Бір топ жас жол апатына ұшырайды. Жолда қалған соң, жақын маңдағы ескі үйге қонып шықпақ болады. Ондағы ескі суреттер өте қорқынышты еді. Кенет жастардың бірі өздерінің көліктерінің суретін тауып алады. Басқа бөлмеден сол суреттер түсірілген фотоаппарат табылады. Олардың біреуі ақылға келмесе, қызыққұмарлық қаза етуі мүмкін…