Маңғыстау облысындағы ұңғымадағы сорап қондырғы бөлшектерін шығаратын кәсіпорын өнімін Каспий аймағындағы мемлекеттерге жөнелтуге көшті. Бүгінде Әзербайжанмен келісім-шарт жасалып, қазақстандық компаниядан ірі көлемде тапсырыс қабылданған.
«Мұнда жылына 1 мың дана ұңғымадағы сорап қондырғысының бөлшектері дайындалады. Және оларды тапсырыс беруші мекемеге жеткізіп, орнату жұмыстарын да атқарамыз. Екі ай бұрын ашылған цехта 30 адам еңбек етуде. Барлығы да кәсіби білім алған жергілікті тұрғындар. Жұмыс кестесі әзірге бір ауысымдық. Цех қуаты сатылып өсуімен таяу уақытта екі ауысымға ауысады»,-дейді кәсіпорын өкілі Мұхамед Разиев.