Астана қаласында шетелдік театрлар өнер көрсетеді

Атап айтқанда, 11-30 маусым аралығында Тәуелсіздік сарайында бірнеше көрме өтеді: «Ұлы дала мұрасы» қолданбалы өнер көрмесі, Астана қаласының жастар бірлестігімен бірге ұйымдастырылған көркем көрме, суретші Өмірбек Тлеулиевтің жеке көркемсурет көрмесі, С. Мүсіреповтің «Жаңа бастау» атты жеке көрмесі, Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған фотокөрме, «Егемен Қазақстан рәміздері» көрмесі, «Жастар — Астана болашағы» атты Астана қаласының жастарымен бірлескен көрме.

11,13-15 маусымда «Жастар»  сарайында «Праздник непослушания» атты музыкалық ертегі қойылады. Басталуы — 10:00.

11-17 маусым күндері 14:00-18:00 аралығында «Астаналық», «Жерұйық» және «Студенттік» саябақтарда Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Саябақтың жеті кереметі» атты түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

11 маусым күндері «SAMGAU» VІ Халықаралық театр фестивалі аясында Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Қазақ Ұлттық өнер университетінің актерлық өнер және режиссура кафедрасының студенттері «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» музыкалық драмасын қояды. Басталуы 11:00-де.

Сондай-ақ 19:00-де «Жастар» театрында «SAMGAU»VІ Халықаралық театр фестивалі аясында М. Рысқұлов атындағы Нарын облыстық академиялық музыкалық драма театры (Қырғыз Республикасы) «Маң» драмасын ұсынады.

12 маусым күні 10:00-де «Жастар» сарайында «Жұлдызды жаз» атты IV Халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі басталады.

11:00-де «SAMGAU» VІ Халықаралық театр фестивалі аясында Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Қымбатты Памела» комедиясы көрсетіледі.

19:00-де «Жастар» театрында «SAMGAU» VІ Халықаралық театр фестивалі аясында Альметьевск татар мемлекеттік драма театры (Татарстан Республикасы) «Медея» аңыз-спектаклін қояды.

13 маусым күні 11:00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық музыкалық драма театры (Петропавл қаласы) «Қарагөз» драмасын көрсетеді.

19:00-де «Жастар» театрында Қырғыз Ұлттық академиялық драма театрының (Бішкек қаласы) «Қорқыт» драма-әфсанасы көрсетіледі.

19:00-де «Астана Опера» театрының камералық залында «Изысканная классика» концерті басталады.

14-30 маусым күндері «Арлан» қонақ үйінде жыл сайын өтетін «Астана» Халықаралық арт-форумы ұйымдастырылады.

14 маусым күні сағат 14:00-де «Жастар» театрында Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының Жастар театры (Өскемен қаласы)  «Аршын мал алан» мюзиклін қояды.

15-17 маусым күндері  «Думан» спорт кешенінде Көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

15 маусымда 11:00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялыққазақ музыкалық драма театрында  «SAMGAU» VІ Халықаралық театр фестивалінің аясында Самарқанд музыкалық драма театры (Өзбекстан Республикасы) «Лавина» драмасын қояды.

16:00-де  «Жастар» театрында Ж. Шанин атындағы облыстық академиялық драма театры (Шымкент қаласы) Мұхтар Әуезовтың «Қарагөз» драмасын қояды.

18:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры  (Алматы қаласы) Иран-ғайыптың «Сүйінбай» эпикалық драмасын көрермен назарына ұсынбақ.

19:00-де М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Сербияның Новисад театры «Гробница для Бориса Давидовича» драмасын қояды.

17:00-де Конгресс-орталықта Астана қаласы әкімінің Кубогы үшін муайтайдан халықаралық турнир басталады.

18:00-де «Астана» концерт залының жазғы сахнасында «Астанаға — 20 жыл» циклінен елорданың Мемлекеттік филармониясы үрлемелі оркестрінің концерті өтеді.

15-16 маусым күндері 19:00-де «Кенесары хан» ескерткішінің алдында «Voice of Astana» фестивалі аясындағы промо-акция жүреді.

16-17 маусым күндері «Астана триатлон» паркінде Триатлоннан Ironman 70.3 халықаралық жарысы өтеді. Басталуы: 7:00-де.

16 маусым күні 17:00-де «Астана» концерт залының жазға сахнасында «Астанаға — 20 жыл» циклінен «Шалқыма» халық би ансамблі және халық әні бөлімінің жеке орындаушыларының концерті өтеді.

19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Бір әуен — бір өлең» концерті басталады.

17 маусым күні 9:00-де Мәнгілік ел даңғылығы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысындағы автотұрақта «TRI MIRA Time Attask» автослалом бойынша Астана қаласы кубогының 1-кезеңі өтеді.

17 маусым күні «Жерұйық», «Астаналық, «Президенттік», «Студенттік», «Астана триатлон» саябақтарында «Fitness Park Astana» бағдарламасы бойынша спорттық іс-шаралар жоспарланған. Басталуы 10:00 және 17:00-де.

13:00-де «Астана Опера» театрында «Праздник музыки» атты Ришар  Гальяноның концерті болады.

Сондай-ақ, бұл күні Куйгенжар, Мичурино, Интернациональный, Железнодорожный, Промышленный, Пригородный, Үркер, Көктал-1, Өндіріс/Казгородок тұрғын алаптарында «Думанды Сарыарқа» концерті ұйымдастырылады. Басталуы — 15:00, 19:00.

17:00-де «Астана Арена» стадионында «Астана» — «Ертіс» футбол командалары арасында Премьер-Лига командалары арасында футболдан Қазақстан Республикасының Біріншілігі өтеді.

18:00-де  «Астана Опера» театрында «Под музыку Вивальди» концерті басталады.

19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Жайдарманның» туған күні жобасы өтеді.