Паралимпиада жеңімпаздарының сыйақылары табысталды

Спорт комитетінің ақпаратына сай, паралимпиадашылар сыйақыларын толығымен алған.

Олимпиада чемпионы болған Александр Колядинға (шаңғы жарысы,1,5 шақырым спринт) — 250 мың доллар, шаңғы жарысы бойынша эстафетада  (4х2,5шақырым) алтыншы нәтиже көрсеткені үшін 5 мың доллар берілді.

Ал шаңғы жарысынан (20 шақырым) төртінші орынға табан тіреген Александр Герлицке 30 мың доллар, сондай-ақ биатлоннан (12,5 шақырым) алтыншы орыннан көрінгені үшін қосымша 5 мың доллар төленді.

Александр Герлиц тағы 5 мың долларды шаңғы жарысы бойынша эстафетада  (4х2,5шақырым) алтыншы болып келгені үшін алды. 5 мың доллар сыйақы сонымен қатар шаңғы жарысы бойынша эстафетада  (4х2,5шақырым) алтыншы орынды иеленген Петренко Дениске берілді.

Еске салайық, Пхенчхандағы Паралимпиада кезінде Қазақстан намысын 6 спортшы қорғады.

ДереккөзInform.kz