Қазпочта «Цифрлы Қазақстан» аясындағы жобаларымен таныстырды

Technovation және HaskSpace командаларының мүшелері балалар мен жасөспірімдерге арналған мобил программаларды қалай жасайтынын әңгімелеп беріп, EM academy, Zhas Orken, Adrome automation және Казроботикс компаниялары өз жобаларын таныстырды.

«Бүгін біз форматты өзгертіп, шараны біздің «Сегодня мы решили изменить формат и провести мероприятие в нашем «болашақтың офисімізде» өткізуді шештік. Осылайша біздің компаниямызда цифрлеу қалай енгізіліп жатқанын көрсеткіміз келеді. Барлық серіктестерімізді, көптеген клиенттерімізді жинап, бүгінгі күнді осы цифрлы офисте өткізіп, соңғы кездері «Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы» аясында қандай жетістікке жеткенімізді паш етеміз» — дейді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов.

Қазпочтаның әріптестері серіктестікпен жасаған жобалары мен пошта операторының жұмысының нәтижелерін ұсынды. Қазпоштадағы өндірістік процестің автоматизациясы мен CRM енгізудің нәтижелері жөнінде Ілияс Әлиев (Arta) әңгімелеп берді. «Documentolog» компаниясының бас директоры Байжан Қанафин болса, қағазсыз құжат айналымын енгізу нәтижелеріне тоқталды.

«Цифрлану күнінде» өз жобаларын сонымен бірге «QazCloud» ЖШС, AstanaHub технопаркі, Қазақстан IT-компаниялар Ассоциациясы, «Four Banking Solutions» ЖШС және басқалар да таныстырды.

«Ұлттық Ақпараттық Технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов атап өткендей, «Қазпочта» АҚ-мен бірлескен жобалар аясында eGov.kz порталындағы жеке кабинет пен post.kz-тегі абоненттік жәшікті интеграциялау, эквайринг, мемлекеттік электронды қызметтерді «Казпошта» АҚ банкоматтарынан алу, мемлекеттік қызметтерді жеткізу сервистерін жасақтау сияқты жоспарлар бар.

Қазпочта жүзеге асырып жатқан «Цифрлы Қазақстан» жобаларының ішінде — электронды үкіметпен интеграцияланған төлем құралын енгізу де бар. Қолданушыларды биометриялық мәліметтер арқылы онлайн-идентификациялау үшін «Цифрлы ID» концепциясы жасалып қойған. Қазпочтаның 800 бөлімшесінде клиенттердің верификациясы жүріп жатыр.

Тасымалдау уақытын қысқарту үшін корреспонденция шалғай ауылдарға өткен жылдан бері дрондармен жіберіліп жатыр. Бүгінге дейін 1 600 кг газет пен журнал жеткізілген. Заттай пошталар үшін 178 супермаркет ашылып, 151 поштамат іске қосылды. Желіні кеңейту және тұтынушыларға адым жерде қолжетімді болу үшін Қазпошта шағын және орта бизнес өкілдерімен франчайзинг моделі бойынша серіктестік бастады.

Электронды сауданы сервистік қолдау үшін Қазпочта Астанада E-commerce орталығын ашты, онда пошта қызметкерлері шағын және орта бизнес өкілдерін үйретіп, интернет-дүкен ашу, қолдау және кеңес беру жөнінен қызметтерін ұсынып отыр. Маусым айының аяғында Астанада фулфилмент-орталық іске қосылады, ол кәсіпкерлерге өз тауарларын сақтауға, сұрыптауға, рәсімдеуге және жеткізуге қолғабыс болады.

Астана және Алматы қалаларында шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған «Интернет-дүкен ашу» және «Интернет-дүкендерді салықтан босату» тақырыптарындағы семинарлар болды. Сонымен бірге, халықаралық әйгілі Visa төлем жүйесімен бірлесіп, ел бойынша 15 мың адамды қаржылық және цифрлық сауат ашу науқаны өткізілді.