Красотка на всю голову (16+)

Жанры: комедия

Режиссерлері: Эбби Кон, Марк Силверштейн

Шығарған елдер: Қытай, АҚШ

Ол арықтау үшін диета ұстап, фитнеспен айналысатын. Жаттығу жасап жатқан кезде басын соғып алады. Содан бастап өмірі өзгереді. Енді қыз өзін әлемдегі №1 сұлу деп есептейді. Адам өзіне сенімді болса, қандай жетістіктерге қол жеткізе алады? Жауабы фильмде.

От семьи не убежишь (16+)

Жанры: комедия

Режиссері: Дэни Бун

Шығарған ел: Франция

Валентин мен Констанция дизайнерлер. Екеуі миллиондаған табыс әкелетін келісімшарт жасамақ. Дәл сол атаулы шараға Валентиннің отбасы келеді. Олар оның жылдар бойы жасырып келген құпиясы болатын. Шындық ашылған кезде Валентиннің өмірі қалай өзгереді?

Первые (12+)

Жанры: драма, тарихи фильм

Режиссері: Дмитрий Суворов

Шығарған ел: Ресей

Картина Ұлы Солтүстік экспедициясының құрамындағы Батыс-Лен отрядының зерттеушілері туралы. Олар Арктиканы зерттеуге аттанған.

Решение о ликвидации (12+)

Жанры: драма, әскери фильм, атыс-шабыс

Режиссері: Александр Аравин

Шығарған ел: Ресей

ФСБ-ға Шамиль Базгаев есімді террористі тұтқындау туралы тапсырма берілген. Ол жылдар бойы қолға түспей жүрген еді. Қазір өте қауіпті қаруды қолына түсірген. ФСБ-лықтардың енді қателік жіберуіне болмайды…

Лето (18+)

Жанры: драма, музыка, өмірбаяндық фильм

Режиссері: Кирилл Серебренников

Шығарған ел: Ресей

Картина Виктор Цойдың өнердегі алғашқы қадамдары туралы. Оның «Кино» тобымен, Майк Науменкомен, жары Натальямен, жалпы 1981 жылы Ленинградта өткен рок-қозғалысына қатысы бар адамдармен қарым-қатынасы баяндалады. Фильмде махаббат та, ән де, үлкен үміт те, сол заманға тән көңіл-күй де бар.

Айта кетейік, фильм саундтрегі биылғы Канн кинофестивалінде жүлде алды.

Реинкарнация (18+)

Жанры: драма, қорқынышты фильм

Режиссері: Ари Астер

Шығарған ел: АҚШ

Энии Грэхемнің анасы қайтыс болған соң үйінде небір түсініксіз оқиғалар орын ала бастайды. Күн сайын отбасының жаңа бір құпиялары ашылады. Энни бұның бастауы бұрынғы замандарда жатқанын түсінеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан сұмдықты тоқтата ала ма?

Мир Юрского периода 2 (12+)

Жанры: қиял-ғажайып фильм, атыс-шабыс

Режиссері: Хуан Антонио Байона

Шығарған елдер: АҚШ, Испания

«Мир Юрского периода» фильмінің жалғасы. Динозаврлар адамдарға бұрын-соңды бұлай жақын келген емес…