Жезқазғанда балалар мен ересектерге арналған нейрооңалту орталығы ашылды

«Луч» нейооңалту орталығы 560 шаршы метр аумақта орналасқан, заманауи медицина құралдарымен жабдықталған.

Мұнда айына 50 науқас емделе алады. Орталықта механотерапия аймағы (буындарды шынықтыру, жүрісті, жүру негіздерін үйрену, тепе-теңдікті ұстау үшін), емдеу-дене шықтыру аумағы бар, мұнда нұсқаушылармен жеке және топтық түрде машықтануға болады. Орталықта ересектер үшін жүйке жүйесі және нейрохирургия бағыттары бойынша оңалту курсынан өтеді.

Сонымен қатар орталық аурухана базасында балаларға арналған нейрооңалту орталығы да ашылды. Оның құрамына тәулік бойғы 38 орындық стационар кіреді, мұнда айына 76 науқасқа дейін қабылданады.

ДереккөзBnews.kz