Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейіп, кей жерде найзағай, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі.
Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының, күндіз Ақтөбе, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді, Ақмола облысының кей жерінде түнде найзағай, Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі.
Алматы облысының кей жерінде найзағайлы жаңбыр күтіледі. Күндіз Қарағанды облысының кей жерінде аптап ыстық күтіледі. Маңғыстау облысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.