Басты бетЖаңалықтарМұхтар Шаханов:...

Мұхтар Шаханов: «Біз, шындықты айту үшін жиналдық»

«Елімізде 40 жуық азаматтар сотталғаны бізді мазалайды. Біз осы жерде халыққа шындықты айту үшін жиналдық емес пе. Осы мәселені шешу керек. Егер болашақта мұндай жәйттер қайталанатын болса, онда біз мына жерге неменеге жиналып отырмыз? Менің ойымша мұндайға жол бермеу керек, азаматтарға қатысты мынадай шаралар қолдануды тоқтату керек. Тоқтату керек», — деді Шаханов.

Комиссия төрағасы,ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев осы мәселеге бірнеше уақыттан соң қайта тоқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы мен Астанада 21 мамырда жерге қатысты митинг ұйымдастыруға рұқсат берілмеген. Бірнеше күн бұрын Қазақстанның Бас прокуратурасы арандатушылыққа жол бермеуді айтып, рұқсат етілмеген шеруге қатысқаны азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеген.

Дереккөзtoday.kz