Нұртай Сабильянов: Бізде жер дауын шығарып жүргендер — латифундистер

«Жалпы, 2003 жылы қабылданған заңда жекеменшікке беру қарастырылған. Бірақ, ол жер тек қана Қазақстан азаматтарына берілуі керек. Екіншіден, Қазақстан азаматтары жерді игермейтін болса немесе заңды тұлға банкрот болатын болса немесе ол жерде дұрыс жұмыс істемейтін болса, онда мемлекетке қайта алу тетігін де біз қарастыруымыз керек», — деді депутат.

Сонымен қатар, мәжліс депутаты бір азаматқа, бір заңды тұлғаға жер берудің шекті мөлшерін бекіту керектігін баса атап өтті.

«Бізде жер дауын шығарып жүргендер — латифундистер. Өйткені, олар кезінде 100-200 мың гектар жерді алып алды. Енді сол жерлерді арзан бағаға сатып алмақ. Біз оған жол бермеуіміз керек», — деді Нұртай Сабильянов.

ДереккөзNUR.KZ