Шымкентте «Исатай» жабық базары толық жанып кетті

«21 мамырға қараған түні 00:39 сағатта Шымкенттегі Еңбекші ауданындағы Уәлиханов көшесі бойындағы «Исатай» магазині жанып жатқаны туралы даюыл түсті. Шақыру орнына 6 автоцистерналы өрт сөндіруші бірлігі, автосаты, апаттық-құтақру автомобилі, өрт сөндіруші кезекші қызмет және өрт сөндірушілердің жеке құрамынан 34 адам, сондай-ақ медициналық апат орталығы, өрт зертханасы сынағы бөлімшесі жіберілді», — делінген

Сауда үйінің жанып жатқан алауы алыстан көрініп тұрған. Өрт сағат 01:52-де сөндіріліп, сағат 02:23-те толық жойылған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында барлығы 23 техника бірлігі іске қосылған, жеке құрамдардан 115 адам жұмыс жасаған. Өрт орнында пластиктен жасалған сауда бутиктері, киімдер, аяқкиімдер, сыра саудасымен айналысатын дүкен, «Манхетен» кафесінің шатыры жанып кеткен. Өрттің жалпы аумағы 1980 шаршы метрді құрайды. Өрт кезінде 50 литрлік бір газ баллоны жарылған. Тағы сондай 1 баллон, 2 оттегі баллоны қауіпсіз жерге шығарылған.

Өрттің салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жақын маңдағы бес қабатты үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерлерге жеткізілген.