Басты бетЖаңалықтарЗаңсыз митинг...

Заңсыз митинг ұйымдастыруға талпынған 40-қа жуық адам жауапкершілікке тартылды

«Бүгінгі күні 40-қа жуық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мен дәл осынша адамның ұсталғанын баса айтқым келеді. Желіде 400-500 адам ұсталғандығы жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды. Біздегі сенімді ақпараттар бұл адамдардың 21 мамырға, яғни бүгінгі белгіленген заңсыз акцияны бастаушы әрі ұйымдастырушы болғандығын дәлелдейді», – деді ол.

Оның айтуынша, митинг өткізге рұқсат етілмегендігін біле тұра оны ұйымдастыру үшін белсенді жұмыстар жүргізуді жалғастыра берген.

Прокурорлар тарабынан заңды бұзбауға шақырған әңгімелерге құлақ аспаған.

«Жүздеген адаммен сөйлестік. 6 мамырға дейін жекелеген адамдар қатаң жауапкершілікке тартылған жоқ. Заңды бұзу бұл өз ұстанымын білдірудің дұрыс жолы емес екендігін түсінер деп үміт арттық. Көпшілігі мұны түсінгенін және олардың құқық қорғау органдарына ешқандай шағым жоқ екендігін атап өткім келеді. Дегенмен, 40-қа жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді Андрей Кравченко.

ДереккөзҚазАқпарат