Алматыда еркін пирамидадан Қазақстан чемпионатының финалы өтеді

Титул үшін Қазақстанның «алтын құрамасының» екі ойыншысы, әлем чемпиондары — Ернар Шымбаев пен Әлібек Омаров күш сынасады.

Қазақстанда барлығы бес әлем чемпионы бар. Олардың ішінде Қаныбек Сағындықов төрт дүркін, ал Әлихан Қаранеев үш дүркін чемпион болған. Бұдан тыс, турнирге 2016 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Арби Муциев, динамикалық пирамидадан былтыр сәуірде өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Максим Пан да қатысты.

Чемпионат Алматыдағы «Бастау» бильярд клубында өтіп жатыр. Финал 12:00-де басталады, кіру тегін.

ДереккөзInform.kz