Данияр Елеусінов алдағы кездесуіне АҚШ жерінде жаттығуын аяқтады

Бұл туралы танымал америкалық сарапшы Берни Бармасель өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

«Қазақстандық Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов (1-0, 1КО) Флоридадағы жаттығу жұмыстарын аяқтап, ертең Лондонға жол жүреді», – деп жазды Берни Бармасель.

Алдағы кездесуге отандасымыз 54 жастағы америкалық маман Джон Дэвид Джексонның қол астында дайындалды.

Еске сала кетсек, Елеусіновтің келесі кездесуі 6 маусым күні Лондондағы York Hall спорт кешенінде өтеді. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 7 маусымға қараған түні Астана уақытымен 01:55 те басталады. Қазақстандық боксшының қарсыласы анықталған жоқ.