Красный воробей (18+)

Жанры: детектив, триллер

Режиссері: Френсис Лоуренс

Шығарған ел: АҚШ

Доминика Егорова балерина еді. Жарақатына байланысты жұмысқа жарамсыз болып қалған. Енді анасы екеуінің күні не болмақ? Соны ойлаған қыз тыңшылық мектепте оқуға келіседі. Түрлі сынақтар мен қиыншылықтардан өтіп, құпия агенттікте бұрын-соңды болмаған ең қауіпті тыңшыға айналады…

Истории призраков (16+)

Жанры: драма, қорқынышты фильм

Режиссерлері: Джереми Дайсон, Энди Найман

Шығарған ел: Ұлыбритания

Фильм 15 жыл бұрын жоғалып кеткен әйгілі парапсихолог Чарльз Кэмерон туралы. Ол елестермен сөйлесе алады, алайда ешкім оған сенген емес. Тіпті жоғалып кеткенін де бұл жағдаймен байланыстырмаған. Бірақ Чарльз шынымен де елестердің арасында қалып қойған еді. Енді ол өзінің шәкіртіне сигнал жібере бастайды…

Псы под прикрытием (9+)

Жанры: комедия, отбасылық фильм

Режиссері: Раджа Госнелл

Шығарған елдер: Ұлыбритания, АҚШ

Жыл сайын иттер көрмесі ұйымдастырылады. Сырт көзге қарағанда қарапайым көрме болғанымен, онда астыртын түрде сирек тұқымды жануарлар сатылады. Осыны зерттеу ісі детектив пен бір секундқа да тыныш таппайтын Макс есімді итке тапсырылады. Олар алаяқтарды анықтауы керек.

Моя жизнь (6+)

Жанры: мелодрама

Режиссері: Алексей Луканев

Шығарған елдер: Ресей

Бас кейіпкер бала кезінен футболды жақсы көреді. Танымал футболист болу — арманы. Осы жолда барлығын құрбан етеді, тіпті сүйіктісінен де бас тартады. Бірақ тағдырдың оған дайындаған тосынсыйы бар…

Два хвоста (6+)

Жанры: мультфильм

Режиссері: Виктор Азеев, Наталья Нилова

Шығарған елдер: Ресей

Макс деген мысық пен Боб деген борсық дос. Боб өте ақылды, тыныштықты жаны сүйеді. Ал Макстың бүкіл әлемге танымал болғысы келеді. Екеуі екі түрлі болғанымен, өмірлік мақсаттары біреу: бөгдеғаламшарлық аңшылардың көзін құрту. Олар жер бетіндегі жануарларды ұстап әкетпек…