Арлем Дезир: Ratel.kz-дің жабылуы — баспасөз еркіндігін жөнсіз шектеу

Арлем Дезир сот шешіміне қатысты пікірін Twitter-дегі парақшасында жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, қалалық прокуратура «Ratel.kz сараптамалық интернет-порталының» R бас редакторы Марат Әсіповке шағымданып, порталдың қызметін тоқтатуды, оны тіркеуді жоюды және Ratel.kz пен Balborsyk.kz домендерін пайдалануына бір жыл тыйым салуды сұрап, Алматының Медеу аудандық сотына жүгінген болатын. 28 мамыр күні сот шағымды қанағаттандырды. Оның шешімімен Марат Әсіповтің БАҚ-та және Ratel.kz, Balborsyk.kz, wildratel.com, itau.kz және басқа да домендік атауларда «Ratel.kz» интернет-порталы атынан ақпараттық материалдар жариялап, таратуына да тыйым салынды.

Өткен аптада Алматыда өткен Еуразия медиа форумында Арлем Дезир Қазақстанда «кейбір БАҚ-ты қудалауда Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы қолданылып отырғанын айтып» бұған Ratel.kz пен Forbes Kazakhstan журналын мысалға келтірген.

Ratel.kz сайтвна қарсы іс бұрынғы қаржы және мемлекеттік кіріс министрі, қазір бизнеспен айналысып жүрген Зейнолла Кәкімжанов полицияға арыз жазғаннан кейін қозғалған. Ratel.kz сайтында Кәкімжановтың компаниялары туралы материалдарды Геннадий Бендицикий жариялаған. Мақалаларда болжамды коррупциялық әрекеттер туралы ақпарат келтірілген.

ДереккөзCentralasian.org