Астана банкінің қызметтік лицензиясы тоқтатылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2018 жылғы 28 мамырдағы №89 қаулысымен 2018 жылғы 28 мамырдан бастап қоса алғанда 2018 жылғы 29 тамызға дейін «Астана Банкі» АҚ-тың  жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатыла тұрады.

Бұл шешімді Ұлттық Банк Банктің банктік заңнама талаптарының бұзушылығына қадағалаушылық реттеу шеңберінде және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 1-тармағы в) тармақшасында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамауы үшін қабылдады.

Лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады және Банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ.

2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Банк жеке тұлғаларының қабылданған депозиттерінің көлемі 53,0 млрд. теңгені құрайды. Банктің жеке тұлғалардың депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесі бойынша жеке тұлғалардың депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,6%-ын құрайды.

ДереккөзBaq.kz