Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылуын бағалау және оған сыртқы сараптама жасау жөніндегі республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшелері ШҚО-дағы ауылдық округтердің, кенттердің әкімдерімен кездесті.
Департамент директоры Арман Бердалиннің айтуынша, төсбелгіні дайындауға 400-500 теңге жұмсалса, куәліктің құны 3-4 мың теңгедей, яғни экономикалық жағынан да тиімді. Оның үстіне ІТ-картада мемлекеттік қызметші туралы барлық мәлімет көрсетіледі.
ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы болашақта аудан мен қала әкімдері үшін де білімдерін жетілдіру курстары ұйымдастырылатынын айтты.