Гиннестің рекордтар кітабына енген бешбармақ

Бішкекте 11 наурызда әзірленген қырғыз халқының бас тағамы Гиннесстің рекордтар кітабына ресми түрде енді. Оның салмағы 1 464 келі болған.

Аспаздық шараны елдегі бірнеше қоғамдық ұйымдар бірлесіп ұйымдастырған. Ұйымдастырушылар осыған дейін қазақстандықтар жеткізген рекордты басып озамыз деп мақсат қойған.

Айта кетейік, 2015 жылы Елордада Астана күніне арнап салмағы 736,5 келі ет пісірілген.

Сондай-ақ Бішкекте ұзындығы 117 метр болатын шұжық (жылқы етінен жасалынған қазы) дайындалған. Бастапқыда ұйымдастырушылар 100 метрлік шұжық пісіреміз деген, бірақ қазақ аспаздары әзірлеп Гинесстің рекордтар кітабына еніп қойған 100 метрлік қазыдан да ұзын етуді ойлаған.

ДереккөзCentralasian.org