№3 Жұмбақ

Бұл жұмбақ кезінде криптография теориясына төңкеріс әкелген. Сіз ғашығыңызға гауһар тасты алқаны сәлемдемемен жолдағыңыз келеді. Сізде поштамен жөнелтуден басқа жол жоқ. Cәлемдемеге қанша құлып салсаңыз да өзіңіз білесіз. Бірақ құлыпты кілтсіз ешкім аша алмайды. Тіпті ғашығыңыз да.

Поштамен кілтті де бірге жіберіп, тәуекелге барғыңыз келмейді. Гауһар тасты алқа ғашығыңыздың қолына жететініне сенімді болу үшін не істеу керек?

№4 Жұмбақ

Дмитрия Чернышев
Дмитрий Чернышевтің «Чем заняться вечером с семьёй на даче без интернета» кітабынан алынған иллюстрация

Сізге күніне екі дәрі ішіп отыру керек — бірін А құтысынан, екіншісін B құтысынан. Бұл — өмір мен өлімнің мәселесі. Егер мұны істемесеңіз, бақилық боласыз. Бір құтыдан екі дәрі ішсеңіз де, өлім құшасыз. Бірде А құтысынан дәрі алып жатып, В құтысын қолыңызбен шайқап тұрып, қатарынан екі дәріні түсіріп алдыңыз.

Сонымен, қолыңызда түрі, иісі, дәмі бірдей үш дәрі тұр. Оларды лақтырып тастап, жаңасын ала алмайсыз, олар өте құнды. Өміріңізге қауіп төндірмейтіндей дәріні қалай ішесіз?

№5 Жұмбақ

Сізді ірі компания қаржы cарапшысы ретінде жұмысқа шақырады. Жылына бастапқы жалақыға 100 000 доллар бермек және оны көтерудің екі жолы бар:

  • Жылына бір рет жалақыны 15 000 долларға көтереді.
  • Жарты жылда бір 5 000 долларға көтереді.

Шешім қабылдауға 10 секунд берілді. Қайсы тиімдірек?

№6 Жұмбақ

Дмитрия Чернышев
Дмитрий Чернышевтің «Чем заняться вечером с семьёй на даче без интернета» кітабынан алынған иллюстрация

Күнделікті сағат 12-де мәскеу уақытымен Мәскеуден Хабаровскіге бір поезд аттанады. Ал Хабаровскіден Мәскеуге басқа поезд жүреді. Жолға кететін уақыт — жеті күн. Егер осы пойыздардың бірімен Мәскеуден шықсаңыз, жолда Хабаровскіден келе жатқан қанша пойызды кезіктіресіз?

№7 Жұмбақ

Ақшаңызды қорға салдым деп елестетіп көріңіз. Кеше акциялардың бағасы 2% -ға төмендеді. Бүгін 2% -ға өсті. Сіздің капиталыңыз өзгерді ме? Егер өзгерсе, қай бағытқа?

Сіздің ақшаңыз басқа акционерлік пакетке де салынған. Кеше олардың бағамы 2%-ға өсті. Бүгін 2% -ға төмендеді. Kапиталыңыз өзгерді ме? Егер өзгерсе, қай бағытқа?

№8 Жұмбақ

Әйгілі мұражайдың басшылығы «экспонаттардың қайсы ең танымал?» деген сұрақтың жауабын іздейді. Зерттеуге көп қаржы бөлінеді. Тапсырма қиын — мұражай өте үлкен. Бірақ соңында қарапайым әрі тегін шешім пайда болды. Ол қандай шешім? (сауалнама, видеокамера, т.б. қолданылған жоқ).

№9 Жұмбақ

Дмитрий Чернышев
Дмитрий Чернышевтің «Чем заняться вечером с семьёй на даче без интернета» кітабынан алынған иллюстрация

Бірде А есімді режиссер Б есімді режиссермен «10 секунд ішінде басы, шарықтау шегі, шешімі және соңында драмалық интригасы бар бүтін туынды жасап шыға алмайсың» деп дауласады. Бәс бойынша оны бір ғана планда, ешқандай монтажсыз түсіру керек.

А есімді режиссер жеңіліп қалады. Сонда Б есімді режиссер не түсірген?

№10 Жұмбақ

Дмитрий Чернышев
Дмитрий Чернышевтің «Чем заняться вечером с семьёй на даче без интернета» кітабынан алынған иллюстрация

Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде одақтастар күрделі мәселеге тап болды. Солдаттар үйлеріне жүздеген мың хат жазады. Олардың арасында құпия ақпарат болуы мүмкін. Мұншама хатты тексеру өте қиын болатын. Солдаттарды үйімен байланыссыз қалдыруға да болмайды. Қарапайым шешімді табыңыз.