2020 жылы УЕФА Суперкубогы Португалияда өтетін болды

Оны қабылдауға Алматы орталық стадионы, Тиран ұлттық стадионы (Албания), «Динамо» стадионы (Минск, Беларусь), «Самми Офер» Хайфы аренасы (Израиль), Хельсинки олимпиада стадионы (Финляндия), «Зимбру» стадионы (Кишинев, Молдова), «Уиндзор Парк» (Белфаст, Солтүстік Ирландия), Ниццедегі «Стад-де-Нис» аренасы (Франция) және Портудағы «Драгау» стадионы үміткерлік етті. Бұл жарыста португалдық «Драгау» аренасы жеңіске жетті.

Сондай-ақ, 2019/20-Чемпиондар лигасы маусымының финалы Ыстанбұлдағы «Ататүрк» стадионыда (Түркия), ал Еуропа Лигасының финалы — Гданьсктегі «Гданьск аренасында» (Польша) өтеді.