Головкин Альвареске: Кездесуден қашуыңды тоқтат

«Орынбасарлармен немесе өкілдермен ешқандай да келіссөз жүргізілмейді. Тек сен және мен. Қашуды доғар», — деп жазыпты Головкин өзінің твиттердегі жеке парақшасында.

Бұған дейін Головкин мен Альварес тобы келіссөздер жүргізе бастағанын жазған болатынбыз. Екі тараптың 24 мамырға дейін бір тоқтамға келуге уақыты бар. Одан кейін промоутерлік келіссөздер басталады. Алайда, америкалық журналист және инсайдер Крис Манникс тараптардың әлі күнге дейін бет-бет кездеспегендерін айтып отыр.

ДереккөзBnews.kz