Топан суды қалай тоқтатамын?
Алдымен тоққа қосылып тұрған барлық техниканы өшіріңіз. Тасқынның әсерінен тоққа түсіп қалуыңыз ғажап емес. Содан кейін бұның себебін іздеуге кірісіңіз. Жоғарыда тұратын көршілеріңізге барып, үйіңізді су басқанын хабарлаңыз. Оған себеп сынған кір жуғыш машина, құбырдың атқылауы немесе ашық қалған кран. Мұндай жағдайда бұл жағдайды көршіңіз өз қолына алуы тиіс. Егер көршіңіз үйінде жоқ болса, өз бетіңізбен суды тоқтатуға тырыспаңыз. Оданда санитарлық техникті шақыртыңыз. Ол сізге суды тоқтатуға көмектеседі.
Көршіңіздің есігін сындырудың қажеті жоқ. Барлық пәтерді су алып жатса да, сіздің бұған құқығыңыз жоқ. Әйтпесе, біреудің үйіне рұқсатсыз кіргеніңіз үшін сот алдында жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін.
Су құбырлары барлығыңызға бірдей қолжетімді болса ғана, суды өз бетіңізбен тоқтатуға болады. Бірақ мұндай жағдайда жүйенің зақымдануына өзіңіз жауапты боласыз.
Кінәліні қалай табамын?
Су тасқынының болуына екі ғана себеп бар:
- Су құбырының зақымдануы, пәтердегі судың ағуын шектейтін кранның әсерінен пайда болса, демек кінә көршіңізден. Бұған себеп толып кеткен ванна, судың өшпей қалуы немесе су құбырының істен шығуы. Бұл жағдайда жауапкершілікті толығымен көршіңіз өзіне алады.
- Егерде бірінші боп подъездегі құбырдан су атқыласа немесе батареялар бұзылса, онда жауапты компанияның кінәлі болғаны. Мұндай жағдайға тап болған кезде, бірден компанияға хабарласыңыз.
Болған жағдайды арнайы органдарға қалай дәлелдеймін?
Су тасқынын өз бетіңізбен тоқтаттыңыз делік. Арнайы мамандардың келгенінше зақымдалған жерді суретке немесе видеоға түсіріп, барлық жағдайды толығымен жазып алыңыз. Сіздің сөзіңізді растап, куәгер болуға келісетін 2-3 көршімен келісіп алғаныңыз жөн.
Жауапты органның өкілі су тасқыны туралы акт жазуы тиіс. Құжатта мына мәліметтердің болуы маңызды:
- Зардап шегушінің мекенжайы;
- Акт жазылған күн;
- Зардап шегушінің, кінәлінің, жауапты орган өкілінің және куәгерлердің аты-жөні;
- Су тасқынының болуына не себеп болғаны;
- Зақымдалған жерлердің тізімі;
- Үйдің жағдайын көріп шыққаннан кейін, сөзіңізді растаушы арнайы өкілдердің қолы.
Арнайы орган өкілінен акттің бір данасын сізге беруін талап етіңіз.
Жауапты мекеме өз тарапынан сарапшы жібермеген жағдайда, актті өзіңіз жазыңыз.
Бейбіт жолмен қалай шешуге болады?
Кінәлі тұс сіз талап еткен қаражатты беруге келіссе, онда бұл жағдайды соттың көмегінсіз шешуге болады. Екі жақты да қауіпсіздендіру үшін залаларды өтеу туралы өзара келісім құрып, нотариусқа жүгініңіздер. Мұндай жолмен кінәлі тұс өзінің міндеттемелерін растайды да, ал зардап шегуші ақысының өтелмей қалуының алдын алады.