Астанадағы дауылдан пирамиданың әйнектері қирады

Бүгін аяқастынан тұрған дауыл Астанадағы бірқатар ғимаратқа айтарлықтай зиян келтірді. Атап айтар болсақ Түркістан көшесі бойында екі машинаны зақымдаса, ауладағы кран құлады.

Сонымен қатар, Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайының батыс қақпасы жақ қасбетінің пасадтарын жел ұшырып кетті.

Әзірге зардап шеккендер мен қанша шығын болғаны туралы нақты ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Астанада қатты дауыл соғып, бұршақ аралас нөсер жауды. Салдарынан қаладағы бірқатар нысандарға зақым келді.  Бұған дейін, Қазгидромет Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауатынын ескерткен еді.

ДереккөзBaq.kz