26 мамыр күні Астанада кейбір көшелер жабылады

Көрермендерге қолайлы жағдай жасау мақсатында 29 мамырда сағат 16:00-ден бастап № 3, 4, 14, 19, 21, 29, 32, 40, 50 және 100-ші маршруттардың жүру қарқыны артады және қозғалыс уақыты сағат 00:00-ге дейін ұзартылады.

Келесі пункттер бойынша әдеттегі бағамен арнайы автобус қатынастары ұйымдастырылады — Жастар сарайы, ІІМ ғимаратының жанындағы тұрақ, Астаналық цирктің жанындағы тұрақ ( Қорғалжын тасжолы жағынан). Сонымен қатар, көрермендерді жеткізуді қамтамасыз ету үшін концерт өтетін күні сағат 22:00 бастап келесі аялдамалардан қалалық маршруттар жүретін болады:    Тәуелсіздік дағ., Әзірет сұлтан мешіт аялдамасы, № 3, 4, 19, 26, 40 маршруттар. Нәжімеденов к-сі, «Нәжімеденов к-сі аялдамасы» № 21,32,50 маршруттар. А. Байтұрсынов к-сі (Аманжолов к-сі бағытында),«Шабыт өнер университеті» аялдамасы, №№3, 21, 29, 100 маршруттар.

Сонымен қатар, концерт барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шыны және пластик бөтелкедегі сусындарды әкелуге тыйым салынатынын көрермендердің ескергені жөн. Сұйықтықты тек пластик және қағаз стакандардан ғана ішуге болады. Алаңда тамақ пен алкогольсіз сусындар сататын орындар ұйымдастырылады.

Дереккөзkazinform.kz