«Министрлік ҰБТ нәтижелері бойынша мектептердің рейтингін жүргізбейді. Сондай-ақ, әкімдердің назарына, ҰБТ нәтижелері бойынша жергілікті жерлерде жазалау шараларының қабылданбауын арнайы ескерткіміз келеді», — деді Ерлан Сағадиев.
Министрдің айтуынша, биыл ҰБТ-ға қатысуға 102 442 бітіруші өтініш берген. Оның ішінде 75 пайызы қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде тапсырады.
Сонымен қатар ол ағымдағы жылы бітірушілерге алғаш рет ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыру мүмкіндігі берілгендігін еске салды.