Басты бетЕкі қазақстандық...

Екі қазақстандық «терроризм» айыбымен ұсталды

Облыстық ішкі істер департаменті мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінің қызметкерлері Түркістан қаласы мен Сайрам ауданында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Шара барысында  «діни радикалдық аудио және бейнежазбаларды таратты» деген күдікпен 1990 және 1995 жылы туылған екі азаматты ұстады. Қазір күдіктілер қамауда. Оларға тергеу жүргізіліп жатыр.

Өткен жылы осы ауданда дәл осындай күдікпен 11 адам ұсталған еді. Олардың бірі өткен аптада сот төрт жылға сотталды.

ДереккөзCentralasian.org