Алматыда спорттық гимнастикадан қала біріншілігі өтеді

Ұйымдастырушылардың айтуынша жарыс жастарды спортқа, салауатты өмір салтына баулу үшін де септігін тигізері сөзсіз. Турнирде қыздармен қатар, ұлдар да бәстесетін болады.

Айтулы доданың басты мақсаты Алматыда спорттық гимнастиканы дамыту және елге таныту, сонымен қатар, үздік спортшыларды анықтау, қатысушылар мен төрешілердің шеберліктерін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Жарыс Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль және грамоталармен марапатталады.