10 ұшқыш Air Astana әуе компаниясының командирлері атанды

Осы жылы Air Astana компаниясының командирі атағына 10 ұшқыш ие болды. Олар: Жабатаев Тимур, Злыденный Михаил, Жакенов Айдар, Мусалдаев Азим, Елгельдиев Қуаныш, Мұстафин Арман, Батаев Василий, Яцын Андрей, Машуров Тимур және Диас Ахметов. 2015 жылдан бастап бағдарлама түлектерінің арасында 22 адам командир атанды. Олардың барлығы әуе компанияның ұшақтарын басқарып жүр.

Air Astana әуе компаниясында екінші ұшқыш және командир қызметін атқаратын 199 қазақстандық аb-initio бағдарламасын аяқтады. Бағдарламаға үміткерлер жыл бойы қабылданады және 20-ға жуық студент жыл сайын оқуға жіберіліп отырады. 

Air Astana
©Талғат Галимов

Тестілеу нәтижесінде студенттер AFTA (Atlantic Flight Training Academy), Корк қаласы (Ирландия) немесе FTE (Flight Training Europe), Херес қаласындағы (Испания) екі мектептің біріне жіберіледі.

Айта кетейік, аb-initio бағдарламасы 2008 жылы Air Astana әуе компаниясында білікті қызметкерлердің жетіспеушілігінен кәсіби қазақстандық ұшқыштардың санын көбейту мақсатында енгізілді. Бұл бағдарлама жасөспірімдерге жоғары жалақы, сондай-ақ беделді авиакомпанияда жұмыс істеуге мүміндік береді.

Оқыту 16-18 айға созылады және орта есеппен 100 мың АҚШ долларын құрайды. Авиакомпания оқудың 100% алдын ала төлемін жасайды, ал жарты ақысын авиакомпанияда жұмыс істеп жүрген уақытында төлейді.

Air Astana
©Талғат Галимов

Атап өту керек, Air Astana білім беру бағдарламалардың қажетті шарты болып табылатын банктік кепілдіктер сияқты оқушылардан ешқандай қаржылық кепілдеме талап етпейді.

Бағдарламаға 18 жастан 34 жасқа дейінгі, ағылшын тілін меңгерген Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ физика және математика саласын жетік білетіндер қатыса алады. Толық ақпарат airastana.com сайтында.