Шымкентте алғаш рет «SHYMKENT ART DAYS 2016» өнер күндері бастау алды

«Қазіргі заман жолдауы» тақырыбымен өтіп жатқан шара нағыз шығармашылық алаңға әрі жалпықалалық көркем шеберханаға айналды. Суретшілер, дизайнерлер, қала тұрғындары мен қонақтары әлемде болып жатқан оқиғаларға өз көзқарастарын білдіру үшін өнер нысандарын салды. SHYMKENT ART DAYS шеңберінде қазақстандық суретшілер мен сән дизайнерлері ART & FASHION коллаборация үлгілерінде жұмыс істеуде.

SHYMKENT ART DAYS 2016

Өнер күндерінің танымал қатысушыларының арасында шымкенттік заманауи суретшілерден құралған белгілі «Қызыл Трактор» тобының негізін қалаушы Саид Атабеков, Қазақстанның тумасы, бүгінде Германия мен Бельгия елдерінде қызмет атқаратын Алмагүл Меңлібаева да бар.

6

Сондай-ақ, аталмыш іс-шараға Британдық Кеңестің көмегімен тағы екі атақты тұлға – бейне-арт жанрында жұмыс істейтін британдық суретшілер Карен Мирза мен Бред Батлер шақырылған. Сонымен қатар,  SHYMKENT ART DAYS 2016 іс-шарасына «Қызыл Трактор» тобының суретшілері мен өкілдері Арыстанбек Шалбаев, Смаил Баялиев және Сырлыбек Бекботаев, сондай-ақ, Бақыт Бубиканова, Алексей Шиндин, П. Н. И. арт-тобы, Алпамыс Батыров және Қырғызстаннан келетін DOXA арт-тобы қатысады. Танымал қазақстандық суретші Паша Кас та Шымкент қаласына шақырту алды.

SHYMKENT ART DAYS 2016

SHYMKENT ART DAYS шеңберінде қазақстандық суретшілер мен сән дизайнерлері  ART & FASHION коллаборация үлгілерінде жұмыс істейді.

SHYMKENT ART DAYS 2016

SHYMKENT ART DAYS 2016 өнер күндерін өткізу арқылы мамандар қазіргі заманның өзекті мәселелеріне баса назар аудара отырып, өнер құралдары арқылы рухани құндылықтарды, қоғамдағы өзара түсінушілік және келісім идеяларын насихаттауға мүмкіндік алғанын айтады.

SHYMKENT ART DAYS 2016

SHYMKENT ART DAYS 2016

SHYMKENT ART DAYS 2016

SHYMKENT ART DAYS 2016

SHYMKENT ART DAYS 2016