Билет алу

Билет алудан бастайық. Чемпионатқа билет алу үшін қомақты қаражат қажет. Матч түрлеріне байланысты билет бағасы 1100 доллардан 330 мың долларға дейін (VIP-орын) барады.

Егер қандай да бір жеке команданың ғана ойынын көргіңіз келсе, онлайн-рулетка ойнауға болады.

Ескерте кетейік, бүгін билет сатылымының соңғы кезеңі басталды. Ол 18 сәуірден — 15 маусымға дейін жалғасады. Оның басқа кезеңдерден айырмашылығы — енді билеттер қарапайым кассаларда сатылымға шығады. Ол кассаларды матч өтетін қалалардан таба аласыз. Оларды таныстарыңыз арқылы немесе делдалдар арқылы алуға болады.

Ал жеке матчтардың билеттерін сайттан ала аласыз. Тіркеуден өткен соң, жеңімпазды кездейсоқ әдіспен анықтайды. Бұл жерде есте ұстайтын бір нәрсе бар: жеңген жағдайда ақшаны бірден алады. Сондықтан тіркелгенде көрсеткен банк картасында ақша жеткілікті және интернет сауда үшін ашық болуы керек.

Қонақ пакеттері

Билетпен бірге FIFA-ның ресми сайтына кіріп, «қонақ пакеттерінің» бірін таңдауға болады. Оған көлік тұрағы, орын, тамақ, ішімдік және тағы да басқа қызметтер кіреді.

Оның ең қарапайым түрі «Матч Клуб» дегеннен бастап, премиум-калсстың «Царская ложа» және «Матч Частная ложа» пакеттеріне дейін бар. Әр пакет туралы толық ақпаратты ресми сайттан қарай аласыз.

Қонақ пакеттерін сатумен ресми түрде «Матч Хоспиталити» компаниясы айналысады. Олар футбол жанкүйерлеріне арнап, бірнеше ұсыныс жасап отыр. Олар:

«Менің құрамам» 

Аталған серия бір футбол құрамасының бірнеше кездесулерін таңдауға мүмкіндік береді. Ол арқылы топтық және плей-офф кезеңіндегі бір, екі немесе үш матчты немесе сүйікті командаңыздың финалға жету жолын тамашалай аласыз. Ол туралы толық ақпарат мына жерде.

«Өз матчыңызды таңдаңыз»

Ол арқылы өзіңіздің футбол саяхатыңызды команда, турнир кезеңі, ұйымдастырушы қала немесе матч өтетін уақытқа байланысты қалауыңызша құрастыруға болады. Ол үшін кездесулердің кестесін білуіңіз керек.

«Финал»

Аталған серия арқылы Әлем чемпионатының шешуші матчтарын тамашалауға мүмкіндік бар. Сонымен бірге онда финалды көруге арналған «Алтын билет» те болады. Қосымша ақпаратты сайттан біле аласыз.

Жанкүйер паспорты

fan-id
©fan-id.ru

Егер билет сатып алып қойған болсаңыз, жанкүйер паспорты туралы айтайық. Оны алу міндетті. Жеке ID-картада сатып алушының мәліметтері, сондай-ақ, бірнеше қалаларда өтетін матчтарға билет алған болсаңыз, қала арасында тегін жүру құқығы беріледі. Ол үшін төмендегі төрт шартты орындауыңыз керек:

  • Билетті fifa.com сайтынан алу;
  • Fan-ID алу;
  • Tickets.transport2018.com порталына тіркеліп, жеке кабинет ашу;
  • Жеке кабинетте билет нөмірін көрсетіп, қосымша пойыздан орын брондап қою.

Тіркеуден өткен соң паспортты Ресейге келген соң құжат беретін Орталықтан алуға болады. Олардың мекенжайлары мен телефондарын fan-id.ru сайтынан көре аласыз. Сондай-ақ паспортты қалаған мекенжайға жеткізу қызметі де бар.

ID-карта сізге Ресей Федерациясының аумағына визасыз кіруге мүмкіндік береді. Оны алмаған қазақстандықтар әуежайдан түскен бойда бір тәулік ішінде РФ Ішкі істер министрлігінің миграция жөніндегі органынан міндетті тіркеуден өтіп, уақытша тұрғылықты орнын көрсетуі қажет.