Atyrau Marathon жарысында Қазақстанның әртүрлі қалаларынан және жақын шет елдерінен барлығы 3 мыңға жуық адам қатысты. 150-ден аса адам 42 шақырымды бағындыра алды, 10 шақырымдық жүгіруде 1000-нан аса ерікті тіркеуден өтіп, 4,5 шақырымды 1500-ға жуық Атырау қаласының тұрғындары мен қала қонақтары жүгіріп өтті. Марафонның абсолютті чемпионы Базарбай Дауталиев 150 мың теңге көлемінде қаржылай сыйға, теледидар және Атырау облыстық ұлттық спорт түрлері федерациясының арнайы сыйы — жүйрік жылқыға ие болды.
Atyrau Marathon ұйымдастыру алқасы атап өткендей, арнайы сый кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұрын жылқы малы қазақтардың тұрмыстық өмірінде жануарлар арасында ерекше орын алған. Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың айтуынша, жүлде чемпионның символы мен ерік-жігерін білдіреді. Кез келген ат марафонның қашықтығын тоқтаусыз жеңе алмайды.
Atyrau Marathon-2018 құрметті қонақтары: қазақстандық жеңіл атлетика чемпионы және спринттан КСРО рекордшысы — Әмен Тұяқов. Үздік марафоншы, Азияның, Африканың, Австралияның және Американың ең ірі шөлдерін жүгіріп өткен адамзат тариxындағы алғаш атлет — Марат Жыланбаев, Азияның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Азияның қола жүлдегері, Әлем чемпионатының қатысушысы — Александр Романов. Жеңіске деген жігері үшін Ерлан Казиев және Кенгес Көниев екі параолимпиадашыға арнайы сыйлық тапсырылды. Жарыстың ең үлкен қатысушысы 71 жастағы зейнеткер Бекет Қадыралин болды.