12 мамырға арналған ауа райының болжамы

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл болып, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда облысындадауыл, тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының бірқатар аймақтарында тұман болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-25 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында  тұман болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Алматы облысының кей аудандарында желдің күшеюі 15-23 м/с, күндіз шаңды дауыл күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.