Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетілуде

Мұқтаж азаматтар тек байланыс сымтетіктері арқылы бұл қызмет түріне оңай қол жеткізе алады. Жаяу жүргіншілер жолағынан өте алмайтын мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қала әкімінің тікелей қадағалауымен Т.Рысқұлов даңғылындағы жаңадан тұрғызылған жол үсті өткелінде арнайы мүгедектерге арналған лифт орнатылды. Алдағы уақытта қаланың тұрғындары жиі жүріп-тұратын жол бөліктерінде осындай құрылғылар орнату жоспарланған.

Сонымен қатар, қала әкімдігі тарапынан алдағы уақытта қоғамдық көліктерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған құрылғылардың санын арттыру көзделуде. Қала әкімдігінде өткен жиында шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов әкімдік қызметкерлерін арыз-шағым жиі айтылатын «ыстық нүктелерге» барып, тұрғындармен кездесіп, әрбір талап-тілек бойынша тиісті іс-шараларды қолға алуға шақырды.