Шыңғыс Айтматов «Өзбекстанның халық жазушысы» атағына ие болуы мүмкін

Мұндай ұсынысқа танымал өзбек әдебиетшісі, «Манас» жырын өзбек тіліне аударушы және зерттеуші, «Өзбекстан-Қырғызстан» достық қоғамының атқарушы директоры  Зухритдин Исамутинов бастамашылық етті.

«Адамзаттың рухани мәдениетін, өзбек көркем әдебиетін дамытуға, сондай-ақ әлем халықтары арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматовқа  «Өзбекстанның халық жазушысы» атағын беру әділ болар еді», — деді ол.

Президент Шавкат Мирзиёев сәуірде ұлы жазушы және қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығын Өзбекстанда атап өту туралы қаулы қабылдаған болатын.

Дереккөзkazinform.kz