Ең сұлу

Жанры: Комедия

Режиссері: Қанағат Мұстафин

Шығарған ел: Қазақстан

Саматтың жасы 30-дан асты. Әлі күнге дейін бойдақ. Ол үшін Бауыржан уайымдап жүр. Қанша дегенмен ең жақын досы сүр бойдақ болып қалып барады. Оған жол бермеу үшін Бауыржан Саматты ертіп, үлкен қалаға аттанады. Үлкен қала, көптеген тұрғын, қыз-қырқын… Оларды алда небір қызықтар күтіп тұр. Алайда қалыңдық іздеп келген екі жігітті полиция халықаралық банда деп ойлап, іздерінен түседі…

Заклятие оракула

Жанры: Триллер

Режиссері: Бақтияр Сейтқазиев

Шығарған ел: Қазақстан

«Заклятие Оракула» детективінің элементтері бар психологиялық триллер. Онда қара күштің жетегінде кеткен жігіттің хикаясы баяндалады. Жігіт Алматыға іссапармен келген. Арам ойы жоқ еді, алайда бір зұлым күш оны адам өлтіруге итермелейді. Бұның бәрі жігіттің еркінен тыс орын алады. Басты кейіпкер одан құтылу үшін жұмбақ жағдайды шешуі керек.

Анон

Жанры: Қиял-ғажайып, триллер

Режиссері: Эндрю Никкол

Шығарған елдер: Германия, АҚШ

Болашақ туралы түсірілген фильм. Онда барлығы қатаң тәртіпке бағынады: адамдарда жеке өмір, жеке кеңістік, азаматтық құқық жоқ. Барлығын билік басқарып, бақылап отыр. Бұндай елде қателік пен құқық бұзушылыққа орын жоқ. Дегенмен, Сол Фриленд деген детектив бір қызбен танысады. Оның кім екенін білу үшін мәліметтер базасынан қараса, қыз туралы ешбір мәлімет тіркелмеген. Осыны зерттей келе детектив жаңа заманның жаңа қылмыстық әлемі бар екенін анықтайды.

Истерия

Жанры: Қорқынышты фильм, триллер

Режиссері: Дэннис Илиадис

Шығарған ел: АҚШ

Оқиға желісі ескі зәулім үйде өрбиді. Иелері өмірден өтер алдында үйлерін ұлдарына мұраға қалдырған. Жігіт болса, психиатриялық емханадан шыққан. Үйде адам нанғысыз жағдайлар орын алады. Елестер, қорқынышты дауыс және үрейлі музыка…

Муза смерти

Жанры: Қорқынышты фильм, триллер, қиял-ғажайып

Режиссері: Жауме Балагуэро

Шығарған елдер: Испания, Ирландия, Бельгия, Франция

Әдебиет пәнінен сабақ беретін профессор Самуэль Саломон соңғы уаықтта тек бір  түсті көріп жүр. Онда бір әйелді өте қорқынышты жағдайда өлтіріп жатады. Күндердің күнінде Самуэльдің түсіндегі әйелдің мүрдесі табылады. Түсінің шындыққа айналғанын көрген профессор істі зерттей бастайды. Сөйтіп жүріп Рэйчелмен танысады. Рэйчел де дәл сол түсті көрген екен. Екеуі бұл тылсым құпияны шешу үшін барын салады. Ақыр соңында суретшілердің музалары басқаратын қорқынышты әлемге тап болады…

Айла: Дочь войны

Жанры: Әскери, тарихи драма

Режиссері: Джан Улкаи

Шығарған ел: Түркия

Түркияның «Солтүстік жұлдыз» бригадасы корей соғысына қатысқан. Олар БҰҰ әскеріндегі америкалық дивизия құрамында болған еді. Сол дивизиядағы Сулейман есімді жігіт соғыста далада үсіп қала жаздаған кішкентай қызды тауып алады. Оған Айла деп ат қойып, қамқорлығына алады.

Красавица для чудовища

Жанры: Драма, мелодрама, биография

Режиссері: Хайфа Аль-Мансур

Шығарған елдер: Ұлыбритания, Люксембург, АҚШ

Фильм 16 жастағы бойжеткеннің махаббат хикаясы туралы. Ол өзінің құбыжыққа ғашық болғанынан хабарсыз…

Статус: Обновлен

Жанры: Комедия

Режиссері: Скотт Спир

Шығарған елдер: Қытай, Канада, АҚШ

Картинада әлеуметтік желіге тәуелді адамдардың өмірі көрсетілген. Адамның танымалдығы оның жазылушылары мен «лайк» санымен өлшенеді. Кайл да сондай пікірде. Қолынан телефонын тастамайды. Бір күні оның қолына ғажайып смартфон түседі. Онымен салынған әрбір жазба шындыққа айналады! Енді Кайл қалағанының бәрін жасай алады. Оған бұндай өмір ұнай ма екен?