Шымкент — IT технологияның даму алаңына айналады

Бұл туралы Шымкент қаласының агломерациясы туралы мәжілісте облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев мәлімдеді.

Қазіргі таңда IT-сыз өмірді елестету күннен күнге қиын екендігін тілге тиек еткен өңір басшысы Б.Атамқұлов бұл тиімді жағдайды кәдеге жаратуға Шымкент қаласының толық мүмкіндігі бар екендігін айтып өтті.

250 мыңнан астам жастар өмір сүріп отырған қаламызда IT-технологияны дамыту үшін көп шығын кетпейтіні белгілі. Себебі, бұл таза «ақыл-ой» еңбегінің жемісі.

Анығы, ақпараттық технология тұрғындардың өмір деңгейін жақсартып, жұмысын жеңілдетуге көмектеседі. Жаңа мүмкіндіктерді ашуды қамтамасыз етеді. Мәселен, IT-технологияның Шымкенттегі тынысы ашыла қалса жас кездерінен бастап-ақ «жаңадан» кәсіпкерлік қызметін бастаған әлемге әйгілі бизнесмендер Джон Рокфеллер, Стивен Джобс, Марк Цукербергтың шаһарымыздағы болашақ программисттердің өз бизнестерін бастауына түрткі болатындығы анық.