4 мамырға арналған ауа райының болжамы

Ақмола облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз екпіні 23-28 метр болады. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы да мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанда облыстарының бірқатар аймақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғуы мүмкін, екпіні 23-28 метрге жетуі де ықтимал. Бұршақ жауып, түнде және таң ата тұман түседі деген болжам бар.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде және таң ата тұман түсуі мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында жел кұшейіп, жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында желдің соңы шаңды дауылға ұласады. Павлодар облысының бірқатар аймақтарында жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел соғады, екіпін 23-28 метрге жетеді.

Қостанай облысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз екпіні секундына 23 метр болады. Бұршақ жаууы да ықтимал.