АҚШ-та Қытай смартфондарына тыйым салынды

Мәлімдеме жасаған Пентагонның өкілі Дейв Истберннің айтуынша, сматфондар сатылымын тоқтату туралы бұйрық 27 сәуірде берілді. Бұдан басқа, интернет модемдер мен өзге де мобильді байланыс құралдарына шектеу қойылды.

Дегенмен әскери ведомствоның қызметкерлеріне оларды жұмыс мақсатында одан ары пайдалануларына тосқауыл қойлымады. Бірақ, Пентагон қытай смартфондарымен байланысты қауіпсіздікке төніп тұрған қауіп туралы ұмытпау керек деп отыр.

Министрлік оның дәл қандай қауіп екенін түсіндірмеген.

Айта кетейік, 14 ақпанда АҚШ-тың арнайы қызметі америкалықтарға Huawei қытай сматрфондарын қолдануға кеңес бермейтінін хабарлаған. Америкалық тарап гаджеттерді өндіруші және ZTE телекоммуникация компаниясы ҚХР үкіметіне жұмыс істейді деп сезіктенеді.

ДереккөзBaq.kz