Қарағанды облысында 88 отбасы баспаналы болады

«Қаражат бөлінбей, тағы да басқа себептермен үйлер салынған жоқ. Сондықтан біраз кезек өсіп кетті. Оның ішінде жетім қалған балалар, ардагерлер, көпбалалы аналар, жағдайы қиын жанұялар бар. Осылардың барлықтарын үймен қамтамасыз ету – біздің міндетіміз. Сол міндетті орындаймыз деп ойлаймыз», — деді Нұра аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жанат Әшімов.

Жыл соңына дейін аудан орталығы Нұра кентінде 24 пәтерлі көпқабатты екі үй және екі пәтерлі 20 үйдің құрылысы аяқталып, ел игілігіне беріледі. Бұған қоса келесі жылы бірінші рет «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 13 ауылда 13 үй салынғалы отыр. Сонымен қатар 2019 жылы кенттегі тағы 20 отбасы қоныс тойын тойлайды деген жоспар бар.

Дереккөз24.kz