Мстители: Война бесконечности

Жанры: Қиял-ғажайып, атыс-шабыс

Режиссері: Энтони Руссо, Джо Руссо

Шығарған ел: АҚШ

Мстители мен олардың достарының жаңа қарсыласы шықты. Бұл жолы жау жерден емес, ғарыштан келген Танос болмақ. Ол барлық шексіздік тастарын қолға түсіруді көздейді. Себебі, алты тас кімнің қолында болса, сол әлемді басқарып, оны қалағанынша өзгерте алады. Мстители асыл тастардың жау қолына түспеуі үшін барын салады. Себебі бұрын-соңды Жерге бұндай қауіп төнбеген еді.

Собибор

Жанры: Әскери фильм, драма

Режиссері: Константин Хабенский

Шығарған ел: Ресей

Картинада Ұлы Отан соғысы кезінде Собибор лагеріне түскен тұтқындардың тағдыры баяндалады. Бұл лагерь 1942 жылдың 15 мамырынан 1943 жылдың 15 қазанына дейін жұмыс істеген. Онда 250 мыңнан астам еврей өлім жазасына қиылған. Кеңес офицері Александр Печерский 1943 жылдың 14 қазаны күні лагерде тарихта болмаған өте үлкен көтеріліс ұйымдастырады. Фильм осы көтеріліс туралы.

Остров собак

Жанры: Мультфильм, қиял-ғажайып, комедия

Режиссері: Уэс Андерсон

Шығарған ел: Германия, АҚШ

Мегасаки қаласында иттердің саны өте көп. Олардың арасында ит тұмауы өршіп кеткен. Осыған байланысты қала басшысы барлық иттерді қоқыс аралына апарып тастауға бұйрық береді. Қуғынға ұшырағандардың ішінде Атаридің иті де бар, бірақ Атари оны іздеп, аралға барады. 12 жасар баланы онда түрлі қызықтар күтіп тұр. Ол өзіне жаңа достар тауып, солармен бірге қаланың тағдырын өзгертеді.